Астанада «Шаттық» байқауы басталды
Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында өтіп жатқан байқау Астана қаласының 6 мыңнан астам оқушыларын біріктірген Ұлттық Дельфий ойындары аясында ұйымдастырылып отыр. «Ұлттық салт-дәстүр мен мәдени мұрамызды насихаттау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын биылғы «Шаттық» байқауының маңызы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатқандықтан ерекше оқиға», - деді байқаудың ашылу салтанатында Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Ә.Бимендина. Сондай-ақ шараға Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер қатысты.
Қазіргі және жаңа заман өнерінің барлық үлгілерін біріктіретін Дельфий ойындарының талаптарына сай ұйымдастырылған байқау аспапты соло, аспапты ансамбль, аспапты оркестр, хор, эстрадалық ән, мәнерлеп оқу, халық биі, хореографиялық соло, бейнелеу және сурет сынды өнер түрлерін қамтып, 7 жанрдың 13 аталымы бойынша өтеді.
Байқауда бая-аяғы 30 алтын, 30 күміс, 30 қола медаль сарапқа салынатын болады. Сонымен қатар жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, медаль еншілеген жеңімпаздарды өнерге баулып, дүбірлі додаға дайындаған еңбектері үшін ұстаздарға 90 сертификат табыс етілмек.