13:45, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Астанада «Шай. Кофе. Какао-2012» көрмесі өтуде
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада «Көрме» кешенінде халықаралық «Шай. Кофе. Какао-2012» көрмесі өтуде.

«Шай. Кофе. Какао-2012» көрмесі шай, кофе, какао, кофе қайнату құрылғылары, ыдыс-аяқтар мен құрамында кофе, шоколад бар косметикалық заттар жабдықтаушыларын біріктірген алғашқы мамандандырылған көрме болып табылады.
Шара шеңберінде кондитерлік тағамдар көрмесі, тақырыптық дөңгелек үстелдер, шай, кофе, какао дегустациясы өтіп жатыр. Сонымен қатар бүгін кофе әзірлеу шеберлері арнайы тренингтер ұйымдастырмақ. Сонымен қатар шара барысында шай, кофе рәсімдері, «латте арт» шоуы жұртшылық назарына ұсынылады.
Бүгінгі көрмеге елімізбен қатар, Шри-Ланка, Үндістан, Ресей елдерінің 40-тан астам компаниялары қатысуда.