Астанада жас шекарашылар қалашығы ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда іргесіндегі Мичурино тұрғын үй алабында «Batyrlar» әскери-патриоттық орталығы жұмыс істейді. Бүгін орталық жанынан шекара қызметіне қызығушылық танытқан жасөспірімдер үшін шағын қалашық ашылды.

шекарашылар қалашығы
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

«2023 жылы қаңтар бірнеше запастағы офицерлер, генералдар біздің қоғамды аштық. Қалалық әкімдік Мичуринодағы бұрынғы мектеп ғимаратын бізге 10 жылға берді. Мен қарулы күштерге, шекарашыларға, Ұлттық ұланға хат жазып, осы ғимаратты әскери дайындық өткізуге пайдалануға беретінімізді айттық. Болашақта осы орталықта кадрлар даярлау үшін. Бүгін орталық аумағында шекарашылар қалашығын ашылып жатыр», - деді Әскери патриоттық және іздестіру қозғалысы республикалық қоғамының төрағасы Аманжол Оразбаев. 

шекарашылар қалашығы
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Шағын қалашық шекара қызметі құралдарымен жабдықталған. Орталыққа балаларды 7 сыныптан бастап қабылдайды және оқу-жаттығу тегін. 

шекарашылар қалашығы
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

«Басқа қарулы күштерге, төтенше жағдайлар, Ұлттық ұлан сарбаздарына есігіміз ашық, орын бәріне жетеді. Балалар орталыққа аптасына үш рет келіп, әскери шынығу жаттығуларын өткізеді. Тағы бір айта кететін жайт, бұл жерге оқушылар мектептен тыс уақытында келеді. Біздің әскери оқытушыларымыз бар. Сонымен қатар былтыр «Арыстан» мамандандырылған орталығымен меморандумға қол қойдық, ай сайын Арыстанның жігіттері балаларға тактикалық және практикалық жаттығу өткізеді», - дейді ол. 

шекарашылар қалашығы
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Сондай-ақ, салтанатты іс-шара барысында оқушылар оқу-жаттығу түріндегі қойылым көрсетті. Сонымен қатар әскери-патриоттық орталықтың техникалық-материалдық базасы таныстырылды.

шекарашылар қалашығы
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform
шекарашылар қалашығы
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар