Астанада шетелдік көлік жүргізушілері тарапынан өткен 9 айдың ішінде 26 мыңнан астам жол жүру ережесі бұзылған - ІІД ӘПБ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық полицейлер қалаға келетін шетелдік көліктерге тексеруді күшейтті. Бұл шетелдік жүргізушілер тарапынан жиі орын алатын жол-көлік апаттарының алдын алып, қоғам қауіпсіздігін сақтауға бағытталған шара, деп хабарлады astana.kz.

Астанада шетелдік көлік жүргізушілері тарапынан өткен 9 айдың ішінде 26 мыңнан астам жол жүру ережесі бұзылған - ІІД ӘПБ

«ІІМ көрсеткіштеріне сәйкес, шетелден келген азаматтар тарапынан өткен 9 айдың ішінде 26 мыңнан астам жол жүру ережесі бұзылған», - деді Астана қаласы ІІД ӘПБ инспекторы Қуаныш Еркінов

Іс-шараға 500 астам жол-патрульдік полициясының, көші-қон полициясының, кедендік бақылау құрылымдарының қызметкерлері жұмылдырылған. Соңғы 9 айда шетелдік жүргізушілер 28 жол-көлік оқиғасына себеп болып, 28 адам қайтыс болып, 58 адам түрлі дене жарақатын алған. Қуаныш Еркіновтың айтуынша, Көші-қон полициясы қызметкерлері шетелден келген азаматтардың заңды тіркеулері болмаса, қандай да заң бұзушылықтар анықталатын болса, онда заңға сәйкес ел аумағынан шығарып жіберуге дейін шаралар қолданылады. Астанаға РФ мен Қырғызстаннан келушілер көп екен. Шара барысында жолаушы мен жүк тасымалдайтын шетелдік жүргізушілердің құжаттары тексерілді.