Астанада шинкиокушинкай каратэ бойынша VI әлем чемпионаты өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «EXPO 2017» Халықаралық мамандандырлыған көрме шеңберінде еліміздің бас қаласы Астанада 28 маусым мен 6 шілде аралығында шинкиокушинкай каратэден VI әлем чемпионаты өтеді. Бұл - рух күшін тепе-теңдікте үйлестіріп, қатысушының соңына дейін күресуіне мүмкіндік беретін спорттың кең танылған түрі. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Шинкиокушинкай каратэ федерациясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.  
None
None

World Karate Organization Shinkyokushinkai (Дүниежүзілік шинкиокушинкай каратэ федерациясы) президенті Кенджи Мидоридің айтуынша, бұндай жарыс өткізуде негізгі мақсат -  толық байланыстағы каратэнің кереметтігін әлемге танытып, болашақта спорттың бұл түрін одан әрі дамыта түсу.

Шинкиокушинкай каратэсі - төтенше көріністегі жылдан жылға қарыштап дамып келе жатқан спорттың танымал түрі.  Каратэнің бұл түрінде спорттық кездесулер (кумитэ) қорғаныш жабдықтарынсыз, яғни шлемдер мен қолғаптарсыз өтеді. Ойын барысында қойылатын басты талаптың бірі- қолмен соғуға тыйым салынады. Қарсыластары бір-бірін тепкілеп, жұдырық жұмсап, соққыға жығып төбелесетін шинкиокушинкай каратэсін қызыға тамашалайтын көрермендері жетерлік.

Айта кетейік,  «Каратэ» сөзі «бос қолдың жолы», ал «киокушинкай» сөзі «асболюттік ақиқат қоғамы» («кио» - ақырғы, шектік; «шин» - ақиқат, шындық; «кай» - қоғам, одақ) деген мағына береді. Алайда Киошинкай сөзінің мағынасы бұдан да терең болуы мүмкін. Каратэнің осы түрімен айналысушылардың пікірінше, бұл сөздің мағынасын түсіну үшін тек рухани ізденіспен шектелмей, көптеген жаттығулардан өту керек.

Шинкиокушинкай - қаншалықты жауынгерлік өнер болғанымен, спортқа жатпайды. Бұл ғылым және қоян-қолтық күресінің философиясы, адамның рухани және физикалық мүмкіндігінің жоғары деңгейде дамуы. Спорт дегеннен гөрі адамның өмірлік стилі десе дұрыс болады.  Шинкиокушинкай жаттығуларының тәсілі мен әдістері, балаларға да үлкендерге де жыныс, жас және әлеуметтік жағдайларға қарамай, осы жауынгерлік өнермен шұғылдануға мүмкін береді.

Киокушинкай негізінен ұпай жинау бойынша ерекшеленеді. Мұнда қорғана жүріп жеңіп кетуге болмайды. Мәселен, бокста бірінші ұпай алсаң, ары қарай қорғанып жүріп-ақ жеңіп кетуге болады. Сондай-ақ, өзге спорт түрлерінде соққы тисе болды ұпай беріледі. Ал киокушинкайда соққының тиімділігіне көп мән беріледі, жай ғана соққыға ұпай берілмейді. Бокс тілімен айтқанда, нокдаун бұл жарты ұпай, ал нокаут бүтін бір ұпай. Бір ұпай алған адам жеңген болып саналады.

Шинкиокушинкай каратэден VI әлем чемпионатына Дүниежүзілік шинкиокушинкай каратэ федерациясының талаптарына сай іріктеуден өткен Ұлттық федерациялар өкілдері қатысады.

Жарысқа 4 түрлі салмақ дәрежесінде спортшылар қабылданады:

Еркектер (-65 кг, -75кг, -85 кг, +85 кг)

Әйелдер (-50кг, -55 кг, -60 кг, +60 кг).

Бүгінде Қазақстан спорт федерациясы Мәдениет және спорт министрлігімен біріге отырып және Астана қаласы спорт басқармасы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қолдауымен аталған жарысты өткізуге дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Бұл жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасының қатысқанына көп болған жоқ, алайда жоғарғы нәтижеге қол жеткізді. Аталған халықаралық әлем чемпионатын өткізу - Қазақстан жастарының бұл спорт түріне деген қызығушылықтарын тағы да арттырып, соның нәтижесінде чемпиондар пайда болады деген үміт бар.

Әлем чемпионатына 48 елден бес жүзге тарта адам келеді, оның ішінде екі жүзге жуық спортшылар, екі жүзден аса бранч-чифтер, сонымен қатар арнайы шақырылған төрешілер және жоғары лауазымды қонақтар да қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар