Астанада шіркеуден ақша ұрлаған адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шіркеу сейфінен ақшаны қолды қылған күдікті көп ұзамайұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Астанада шіркеуден ақша ұрлаған адам ұсталды

«Полиция шіркеу сейфінен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады. Күдікті бейнебақылау көмегімен ауланың бірінен қолға түсті. 29 жасар Ақмола облысының тұрғыны бұрын істі болған», - делінген полиция департаментіңнің хабарламасында.

Тексеру барысында анықталғандай ер адам түнде шіркеудің есігін сындырып кіріп, сейфтегі ақшаны қолды қылған.

«Күдікті өз ісін мойындады және сейф ақшасымен бірге кері қайтарылды», - деп мәлімдейді ПД.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды және ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың бұрын жасалған басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.