Астанада ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді

ШОС Астана
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Астанада қазақстандық тараптың төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ШЫҰ СІМК-не қатысатын делегация басшыларын қарсы алды.

Бірлескен отырыс барысында делегация басшылары ШЫҰ аясындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы халықаралық және өңірлік ахуал, қауіпсіздік және ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасады.

Иран
Фото: ҚР СІМ

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Мехди Сафариді қарсы алу барысында Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иранның жоғары лауазымды тұлғаларының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Еске салсақ, 19 мамыр күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып апатқа ұшыраған Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси қасындағы ресми тұлғалармен бірге көз жұмды. Тікұшақ бортында елдің сыртқы істер министрі Хосейн Амир-Абдоллахиянмен қатар өзге де шенеуніктер болған.

Соңғы жаңалықтар