Астанада шырша сататын 13 орын белгіленді

Шыршаларды мына орындардан сатып алуға болады: Орталық базар, «Астықжан» СҮ, «Азат» СҮ, «Шанхай», «Сарыарқа», «Сәлем», «Саянұр» базарлары, «Встреча», «Әділ», «Орбита», «Мастер-хаус» дүкендерінің аумағында, «Гүлжан» СҮ, «Молодежный» дүкені. Барлық сатушыларда Ресей Федерациясынан шыршалар мен қарағай әкелуге құжаттар топтамасы бар. Қазірге дейін полиция қызметкерлері тыйым салынған жерлерде шырша сатудың 11 фактісін анықтады, ұсталған азаматтар ҚР ӘҚК 165-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондымен қатар astana.kz сайтына ведомстводан хабарлағандай, 2013 жылғы 19 желтоқсаннан 2014 жылдың 3 қаңтарына дейін елорда аумағында «Пиротехника-2013» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіледі.
Астана қаласы ІІД қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, пиротехникалық өнімдер мен заттарды заңсыз сатуды анықтау және жолын кесу бойынша алдын алу іс-шараларын қолға алды. Көңіл көтеретін орындардың басшыларымен өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау және пиротехникалық өнімдерді пайдалануға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесіп алу және оны сату жағдайларына баса назар аударылады. Табиғатты қорғау, жол-патруль полициясы және учаскелік полиция инспекторларынан тәулік бойы рейдтер жүргізетін арнайы топ құрылды.