Астанада ШЫҰ мерейтойлық саммиті өтеді

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан астанасында 15 маусымда
None
None

ШЫҰ-ның құрылғанына 10 жыл толуына орайластырылған Ұйымға мүше-мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кеңесі отырысына дайындық шаралары мен жүзеге асыру мәселелері талқыланған Ұйымдастыру комитетінің жиналысы болып өтті.

ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, жиналыс барысында ҚР-ның ШЫҰ-дағы 8 ай төрағалығының нәтижелері шығарылды. Қалған 4 ай ішінде Астанада Ұйымның Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі және ШЫҰ-ның мерейтойлық Саммиті өтеді. Аталған халықаралық шараларды ойдағыдай дайындау мақсатында Ұйымдастыру комитетінің аясында жұмыс топтары құрылды.

Ұйымдастыру комитетінің отырысы қорытындысы бойынша барлық мүдделі мемлекеттік мекемелерге ШЫҰ Саммитінің мазмұнды толықтыру жағынан, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан және шараның ақпараттық таралуына қатысты нақты тапсырмалар жүктелді.

Соңғы жаңалықтар