08:17, 13 Шілде 2016 | GMT +5
Астанада СІМ басшылары Каспийдің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияны талқылайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Каспий маңы мемлекеттері - Қазақстан, Ресей, Иран, Түркіменстан, Әзербайжан елдерінің Сыртқы істер министрліктері басшылары кеңесінің (СІМК) өкілдері Каспийдің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияны талқылайды
Отырыс алдында, 11-12 шілде күндері, Астанада Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлері орынбасарлары деңгейіндегі жұмыс тобының 46-шы отырысы өтті. ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, онда «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенция жобасының келісілмеген тұстары бойынша тұжырымдамалар мен қадамдар» қаралған болатын, деп жазады ТАСС.
Астанадағы СІМК отырысында Конвенцияның 5-інші Каспий саммитінде қаралуы тиіс соңғы нұсқасын даярлау бойынша нақты келісімдер жасалуы қажет. Айта кетейік, 5-інші саммит биыл Астанада өтеді.