Астанада Сириядағы ахуалды реттеуге арналған халықаралық кездесу өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Сириядағы ахуалды реттеуге байланысты халықаралық кездесу өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Астанада сириялық жағдайды реттеу бойынша Ресейден, Ираннан, Түркиядан келген сарапшылардың, сондай-ақ БҰҰ өкілдерінің қатысуымен үшжақты халықаралық кездесу өтіп жатыр. Мұнымен қоса, Иордания өкілдерінің де қатысуы күтілуде. Күн тәртібіне жауынгерлік іс-қимылдарды тоқтату туралы режімді сақтау, оқ атуды доғару уағдаластығын бекіту жөніндегі қаруланған сириялық оппозицияның ұсынысын талқылау, әскери іс-қимылдарды тоқтату режімін қолданудың нақты параметрлерін айқындау тақырыптарын талқылау енгізілген»,-деді Жайнақов.

Бұл тұрғыда ағымдағы жылдың 23-24 қаңтарында Астанадағы келіссөздерде қол жеткізілген келісімде ескерілген қадамдар қамтылған, яғни оқ атуды тоқтату режіміне үшжақты бақылауды құру мәселесі қарастырылады.
nullnull nullnull 

Оның сөзіне қарағанда, халықаралық кездесу нәтижесі бойынша арнайы брифинг өткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар