Астанада сириялық оппозиция өкілдері алғаш рет бірқатар түйінді мәселелерде уағдаластыққа келді - Күрдтер қозғалысының өкілі Н.Сарбас (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы кездесуде сириялық оппозицияның өкілдері алғаш рет бірқатар түйінді мәселелер бойынша уағдаластыққа келді.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада сириялық оппозиция өкілдерінің келіссөздерінен кейінгі баспасөз мәслихатында Сириядағы күрдтер қозғалысының өкілі Наби Сарбас мәлім етті. «Осы бейтарап кездесу барысында Қазақстан Үкіметі келіссөздер үшін барлық жағдайларды жасауды мақсат еткенін байқадық. Сондықтан да біз бұдан бұрынғы келіссөздерге қарағанда алғаш рет нақты нәтижелерге қол жеткізе алдық деп өз тарапымнан атап өткім келеді»,-деді Н. Сарбас.

Оның сөзіне қарағанда, алғаш рет сириялық оппозиция өкілдері Сирияның оңтайлы болашағын айқындау үшін елдегі ахуалды реттеу тұрғысында бірқатар түйінді мәселелер бойынша бір мәмілеге келді.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптаның басында Астанада сириялық оппозиция өкілдерінің келіссөздері басталды. Осыған дейін Сирияның оппозициялық күштер тобы Қазақстанға өз елдеріндегі дағдарысты реттеу мәселесі бойынша келіссөздерде ара ағайындық жасау туралы өтінішін білдіргені белгілі.

Соңғы жаңалықтар