Астанада Славян жазбалары мен мәдениеті күніне арналған салтанатты шара өтуде

СТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастыруымен Славян жазбалары мен мәдениеті күніне арналған салтанатты шара басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері, Қазақстан мен Ресейдің филология ғылымы саласының зерттеуші ғалымдары, Ресей, Украина, Польша, Болгария сияқты мемлекеттердің елшілері қатысуда.

Түркі халықтары мен славян халықтары арасында мәдени, экономикалық және басқа да саладағы байланыстар мыңдаған жылдар бойы жалғасын тауып келеді.

Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиеваның айтуынша, бүгінгі шараның басты мақсаты да осы халықтар арасында ежелден қалыптасқан рухани және мәдени саладағы қарым-қатынастарды нығайту болып табылады. Мереке биыл елімізде 18-ші рет атап өтіліп отыр.

«Бұл славян этносына тиесілі мереке ғана емес, барлық қазақстандықтарға қатысы бар атаулы күн. Бұл біздің ұлттық бірлігіміздің негізіне айналған қазақстандық құндылықтардың жарқын көрінісі», деді Ж. Құрманғалиева.

Концертте еліміздің көрші аймақтарынан жиналған славян халықтарының музыканттары, этно-мәдени бірлестіктер ұжымы және еліміздің әншілері славян, қазақ халқының әндерін орындайды.

Соңғы жаңалықтар