Астанада соғыс жылдары маңызды рөл атқарған ретро-автокөліктер көрмеге қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ҚР Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы ретро-автокөліктер мен соғыс бұйымдарының көрмесін өткізді. 

Астанада соғыс жылдары маңызды рөл атқарған ретро-автокөліктер көрмеге қойылды
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Көрмеге «Мемориальная зона» іздестіру жасағы тапқан құнды тарихи жәдігерлері және фотокөрмесі қойылды.

Астанада соғыс жылдары маңызды рөл атқарған ретро-автокөліктер көрмеге қойылды
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

− «Мемориальная зона» іздестіру жасағы 1978 жылы құрылған және Кеңес Одағында нақты тіркелген алғашқы ұйым болды. Бізден кейін одақтың басқа да республикалары хабарсыз кеткен сарбаздарды іздей бастады. Біздің жасақ 47 жылда 3 224 майдангердің тағдырын анықтады. Яғни, кейбірінің сүйектері туыстарына қайтарылды, кейбірінің аты-жөні анықталып, бауырластар зиратында жатқан орны белгілі болды. Ол зиртқа Қазақстаннан келген туыстар туған жерінен бір уыс топырақ әкеліп салады. Осындай сәттер жүректі елжіретеді. Өткенін ұмытқан адамның болашағы жоқ. Біз осыны ұрпағымызға аманат етеміз. Біреудің атасы, біреудің арғы атасы соғысқа аттанған. Бүгінгі шараның да мақсаты — өз өмірін қиып, бізге бейбіт аспан сыйлаған ер бабаларымыздың рухына тағзым ету, - деді «Мемориальная зона» іздестіру жасағының ардагері Юрий Горбань. 

Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Көрмеге қойылған ретро-көліктер «Авто-Мото-Целина» қоғамдық бірлестігіндегі әуесқой коллекционерлердің қорынан алынған. Әсіресе, BMW R35 мотоциклі, М-72 мотоциклі, Rover мотоциклі, ГАЗ-67 секілді соғыс жылдары маңызды рөл атқарған көліктер келушілер назарына ұсынылды. 

Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

− Мысалы мына қара түсті Opel Kadett K38 1938 жылы шығарылған. Бұл неміс көлігі, кейін оның конструкциясы кеңестік «Москвичті» жасауға негіз болды. Жиырма жыл бұрын Өскеменге сапарымда осы көлікті көріп, әйеліме асүй жиһазын әперем деген ақшаға осы машинаны сатып алған едім. Астанаға дейін өзім айдап келдім. Бұл іске жан-тәнімен берілгендер көп. Осылайша, ретро-көлікті сатып аламыз, жөндеуден өткіземіз. Бұл көліктер гаражда тұра бермеуі керек, халыққа қуаныш сыйлауы керек, бүгін жас баладан қарттарға дейін асқан қызығушылықпен тамашалады, суретке түсті, - деді Ю. Горбань. 

Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Сонымен бірге, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары аңызға айналған «Полуторка» − ГАЗ-АА жүк көлігі де бар. Бұл атауды халық 1,5 тонна жүк көтергені үшін қойған. Бұл көлік майдан мен тылдың нағыз символына айналды. Қоршауда қалған Ленинградты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды, қыс мезгілінде мұз боп қатқан Ладога көлімен азық-түлік, оқ-дәрі тасып, адамдарды эвакуациялады. Қатты аязда да, үнемі атқылау мен бомбалау жағдайында бұл көліктер мыңдаған адамның өмірін сақтап қалды. Соғыс жылдары 150 мыңнан астам осындай жүк көлігі шығарылған.

Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Айта кетейік, Астанада Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парадқа қызу дайындық жүріп жатыр. Бұл шара 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі болмақ. Мерекелік шеру 7 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Салтанатты іс-шараға 4 000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.

Сондай-ақ Kazinform агенттігі Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы архив суреттері мен олардың «жанданған» нұсқаларын ұсынады.

Соңғы жаңалықтар