12:48, 21 Наурыз 2026 | GMT +5
Астанада сол жағалаудағы автобус бағыты уақытша өзгертілді
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада No43 бағыттың маршрут жоспары қайта қаралып жатыр. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.
Маршрут Мәңгілік Ел даңғылының Керей және Жәнібек хандар көшелерінің бойымен уақытша бір бөлігін айналып өтіп, одан ары Түркістан көшесінің бойымен Сығанақ көшесіне шығады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада үш жаңа автобус бағыты қосылатынын хабарлағанбыз.