Астанада сот бұзу туралы шешім шығарған 4 тұрғын үйдің үшеуі әрі қарай салынатын болды

Бұл туралы Астана қаласының қалалық орта сапасы жəне бақылау басқармасының редакция сауалына берген жауабында айтылған.
«Mars Project» ЖШС - Астана қаласы, «Алматы» ауданы, А. Байтұрсынов және А84, А85 көшелерінің қиылысы ауданында орналасқан кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» - барлық ескертулер жойылып, рұқсат құжаттары алынды;
«Stroy Group kz-202» ЖШС – Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Ш.Айтматов және Ж.Молдағалиев көшелерінің қиылысы ауданында орналасқан «Лиссабон» көппәтерлі тұрғын үй кешені» - барлық ескертулер жойылып, рұқсат құжаттары алынды;
«Пром Строй Гарант КЗ» ЖШС – Астана қаласы, «Алматы» ауданы, А. Байтұрсынұлы, Т. Жүргенов және №23-16 көшелерінің қиылысында орналасқан «Сатурн» көппәтерлі тұрғын үй кешені» - барлық ескертулер жойылып, рұқсат құжаттары алынды», - деп жазылған жауапта.
Ал «Алматы» ауданындағы Ш.Қалдаяқов және Қ. Әзірбаев көшелерінің қиылысында орналасқан «Көппәтерлі тұрғын үй кешенін» («Global Millennium» ЖШС) бұзу мәселесі әлі сотта қаралып жатқаны айтылған. Әкімдіктің мәліметінде бұл нысанда үлескерлер жоқ деп көрсетілген.
Бұған дейін Астанада 47 құрылыс компаниясы «қара тізімге» енгенін жазған едік.