Астанада студенттер арасында республикалық айтыс өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттер арасында республикалық айтыс өтеді. Аталған шара «Астана көктемі» онкүндігі аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Айтысқа Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан сынды елімізге танымал айтыскерлермен қоса Қызылорда, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды қалаларының студент ақындары қатысады. Қазылар алқасы: ақын, публицист Жүрсін Ерман, күйші-жырау Алмас Алматов, кәсіпкер, қоғам қайраткері Оралбек Ботпай, айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы мен ақын Қалқаман Сарин», - делінген ресми хабарламада.

Шара мақсаты: Ұлтымыздың рухани мұрасы - айтыс өнерін насихаттау. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын негізге ала отырып жастардың ұлттық санасын, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мәселесі айтыстың арқауына айналмақ.

Айта кетейік, айтыс университеттің оқу-зертханалық ғимаратының концерт залында (Мұнайтпасов көшесі, 11) өтеді. Басталуы - 16:00. 

Соңғы жаңалықтар