Астанада субұрқақтар 1 мамырда іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада субұрқақтар 1 мамырда іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.
None
None

Қайта іске қосар алдында мамандар 43 субұрқақ және 45 субұрқақ кешенін тексерістен өткізуде.

«Барлық субұрқақтарды іске қоспас бұрын біз техникалық және тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Оған: шамдарды, музыка мен жарық беруді, құбырлардың жарамдылығын тексеру, сыртқы көріністі қалпына келтіру, сондай-ақ суды дайындау жатады. Іске қосылған соң мамандар жоспарлы түрде тексеріп шығады. Күн сайын сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін, 16:00-ден 17: 00-ге дейін техникалық үзіліс кезінде қоқысы жиналады», - деп мәлімдеді Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ең үлкен субұрқақтар «Жерұйық» саябағында, «Астана-Бәйтерек» монументі жанында, Министрліктер үйі мен «Жастар» сарайының жанында орналасқан.

Қаладағы субұрқақтар 1 мамырда іске қосылмақ.

Соңғы жаңалықтар