23:26, 28 Қазан 2022 | GMT +5
Астанада таеквон-до GTF бойынша жастар арасында ел кубогы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 2-4 қараша күндері Астана қаласында таеквон-до GTF бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Додаға еліміздің барлық облысы мен қалаларынан 600-ден астам спортшы қатысады.
Қазақстан Республикасының Кубогы екі жас санатында, яғни 12-14 жас және 15-17 жас аралығында өтеді. Сондай-ақ бұл турнирде үздік техника мен әсерлі жекпе-жектерге кубоктар беріледі.
Өтетін орны: «Аспан» спорт кешені.
Фото: olympic.kz