Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Қорғалжын тасжолы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Транспорт дорога автомобиль Астана Көлік жол
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылынан Ш. Айтматов көшесіне дейінгі учаскеде Қорғалжын тасжолына орташа жөндеу жүргізеді.

жол схемасы
Фото: Астана әкімдігі

— Осыған байланысты, 24 сәуір мен 15 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Астанада маса мен шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыс жүріп жатқаны айтылды.

Соңғы жаңалықтар