Астанада тағы 3 көшеде «BUS LANE» жолағы іске қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 3 қыркүйегінен Астанада қалалық қоғамдық көліктің қатынауына арналған қосымша 3 «BUS LANE» белгіленген жолақ пайдаланыла бастайды.
None
None

Бүгінде Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы, «Астана ЛРТ» ЖШС «СМЭУ-Алматы, Астана» ЖШС мердігер компаниясымен бірлесіп ҚР жолда жүру ережелерінің талаптарына сәйкес жолдағы белгілерді, ақпараттық панно орнату бойынша жұмыстар басталды.

Қосымша белгіленген жолақтар Кравцов көшесінде Пушкин көшесінен Тах Хусейн көшесіне дейін, Мұңайтпасов көшесінде Тәуелсіздік көшесінен Абылайхан көшесіне дейін және Сығанақ көшесінде Бейсекова көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде пайда болады.

Бірінші учаскенің ұзындығы 0,92 км құрайды. Бұл жермен 10 бағыт, 2159 автобус өтеді. Екінші учаскенің ұзындығы 1,59 км. Ол бойынша 14 бағыт өтеді. Бұл шамамен 2525 автобус. Үшінші учаскенің ұзындығы 6,65 км. Бұл жермен 7 бағыт, 1321 автобус өтеді.

Еске сала кетейік, «Bus Lane» жобасының мақсаты - жолаушылар үшін ыңғайлы жағдай жасау, қоғамдық көлік қозғалысына басым назар аудару.

Атап өту керек, аталмыш жолақ арқылы жүру қоғамдық көліктерден өзге тек қана жедел қызмет көліктеріне жүруге болады. Аталмыш тәртіптің сақталуын жол полициясы мұқият қадағалайды.

Соңғы жаңалықтар