Астанада талай студентті алдаған алаяқ ұсталды

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Елорданың полиция қызметкерлері Жамбыл облысының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Ол студенттерден жатақханаға орналасуға көмектесемін деген желеумен ақша алып отырған, деп хабарлады Астана қаласының ІІД баспасөз қызметінен.

Астанада талай студентті алдаған алаяқ ұсталды

Астананың жоғары оқу орындарының бірінен 12 студент полицияға арызданып, А. есімді азамат олардың ақшасын иемденіп кеткенін айтқан.

Тергеу барысында анықталғандай, алаяқ студенттердің сеніміне кіріп, жатақханадан орын алып беруді ұсынып, олардың әрқайсысынан 60 мың теңгеден алған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 177-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта ұсталған адам Астана қаласының ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жүргізілуде.