Астанада татар тіліне аударылған Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағының тұсауы кесілді

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қазақтың классик ақыны Мағжан Жұмабаевтың татар тіліне аударылған өлеңдер жинағының тұсауы кесілді.
None
None

Басылымды 2013 жылдың көктемінде Қазандағы Татарстан Жазушылар одағы шығарды. Оған әйгілі Татарстан ақыны, Татарстан Республикасы ның еңбек сіңірген қайраткері Радиф Гаташтың, сондай-ақ, ақындар Нури Арсланов, Мударис Аглям және Флера Тарханованың аудармалары енді.

«Біз аталған еңбек Еуразия кеңістігінде мәдениеттердің өзара кірігуі жоспарында өте маңызды қадам болып табылады деп ойлаймыз. Қазақ ақыны өлеңдерінің татар тіліне аударылуы елдер арасындағы мәдени бірігудің екінші табысты үлгісі болды», - деді Астанада өткен кітаптың тұсау кесу салтанатында Қазақстан татарлары және башқұрттар қауымдастығы атқару комитетінің төрағасы Ринат Абдулхаликов.

Бұрын Қазақстанда Алматы ақыны Назиля Усмановой-Юсимова татар тіліне аударған Мұқағали Мақатаевтың шығармалар жинағы жарық көргенін атап айтамыз.

Астанада өткен кітаптың тұсаукесері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орайластырылған. 1929 жылы оған жалған айып тағылып, 10 жылыға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген, М. Жұмабаев Солтүстікте жазасын өтеген, содан кейін 1935 жылы Максим Горькийдің қолдаухатының арқасында, мезгілінен бұрын босатылған. Алайда, ол ұзақ уақыт бостандықта болған. М. Жұмабаев ұзақ уақыт орта мектепте орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы қызметін атқарып, Сәкен Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға келген. 1937 жылы 30 желтоқсанда қастандықпен жала жабылып, ақын қайта қамауға алынды. 1938 жылы 19 наурызда ақын ату жазасына кесілді.

Іс-шара Қазақстан халықтары ассамблеясы және Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстан татарлары мен башқұрттары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және Қазақстан халқының ұлттық даму қорының бастамашылық етуімен ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар