Астанада Тәуелсіздік күніне орай «Жұлдыздар да айтысады» айтысы ұйымдастырылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Тәуелсіздік күніне орай кең ауқымды бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

5-18 желтоқсанда «АЛЖИР» мұражайында «Тәуелсіздік - еліміздің тірегі» бейнепанорамалық көрмесі өтеді, халық шығармашылығын сүйіп тыңдайтындар 13 желтоқсанда «Қазақстан» орталық концерт залында «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің концертін тамашалай алады. 15 желтоқсанда қазақ халық аспаптары оркестрінің «Қазақтың мың күйі» концерті елорда тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығуды көздейді. 16 желтоқсанда «Қазақстан» ОКЗ-ында көпшілік алдына «Қазақстан алға!» атты концертімен әйгілі әнші Алтынай Жорабаева шығады . Ал с ахна өнерінің табынушылары 14 және 17 желтоқсанда жаңа Оқушылар сарайында Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясын және Н.Гогольдің «Ревизор» трагифарс жанрындағы қойылымын көре алады. Сонымен қатар Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында «Абылай ханның арманы» спектаклі көрсетіледі.

Конгресс-холлда «Жұлдыздар да айтысады» атты айтыс думаны (14 желтоқсан) және «Ән мен әнші» концерті (17 желтоқсан) өтеді. 16 желтоқсанда сағат 19.00 - 23.00 аралығында Орталық алаңда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Оған Астана қаласының мемлекеттік филармониясының эстрадалық жанрдағы әртістері, «Аламан» триосы және Досымжан Таңатаров, Клара Түленбаева, Салтанат Байжұманова, Қайрат Баекенов, Қайрат Нұртас және т.б. қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. Бағдарлама Есіл өзенінің жағасындағы мерекелік отшашумен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар