Астанада «Тәуелсіздікке 20 жыл: қазақстандық геологияның жетістіктері мен перспективалары» атты тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде

Аталмыш шара «Қазақстан Республикасындағы өндірістік гелологиялық ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылуда. Жиын барысында Қазақстанның геология саласының соңғы 70 жылында мықты минералды-шикізат базасы құрылып, ол еліміздің әлемдегі үздік деген 8 минералды-шикізат кешендерінің қатарынан көрінуге мүмкіндік берді. 40-60 жылдары индустриализацияландыру шараларының аясында Қазақстанда 90-нан астам қалалар мен ауылдар салынған. Геология саласы бүгінде ел экономикасының базалық салақалыптастырушы секторы болып отыр. Ол еліміздің отын-энергетика, тау-кен металургия және агрохимия және құрылыс кешенінің қызметін қамтамасыз етеді.
Тәуелсіздік жылдарында геологтар ел экономикасының дамуына елецлі үлес қосты. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу барысында жер қойнауын пайдаланудың тиімді жүйесі қалыптастырылды. Өз кезегінде ол 1996-2010 жылдар аралығында 170 милллиард доллар көлемінде инвестицияның тартылуы мен 80 милллиард доллар көлемінде республика бюджетіне салықтық түсімдердің түсуіне жағдай тудырған.
Конференция барысында оған қатысушылар геология саласының 20 жылда қол жеткізген жетістіктерін, сарапқа салып, геологияның бүгінгі жай-күйі мен оны дамыту бағытында қолға алынуы тиіс шаралар жөнінде пікір алмасты.