Астанада Тәуелсіздік даңғылы жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – 24 маусым сағат 23:00-ден 25 маусым сағат 6:00-ге дейін Астанада Тәуелсіздік даңғылы бойынша қозғалыс жабылады.

— Елорда тұрғындары мен қонақтарын 24 маусымда сағат 23:00–ден 25 маусымның 06:00–ге дейін Б.Майлин көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейінгі учаскедегі Тәуелсіздік даңғылы бойынша қозғалыс толығымен жабылатыны туралы хабардар етеміз, — делінген Астана қаласы әкімдігі хабарламасында.
Жол төсемінің жоғарғы қабатын орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Содан кейін, 25 маусымда сағат 06:00–ден 15:00–ге дейін сол учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршрутты алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді үйретуді сұраймыз, — делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетелік Астанада жас мамандарды қолдау жәрмеңкесі өткен еді.