Астанада тәулік ішінде 250-ден астам жол апаты болды
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада бір тәулікте 250-ден астам жол-көлік апаты болды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Ауа райының бұзылуына байланысты (республика аумағында бұрқасын, қатты жел, боран, жаңбыр және жолдың көрінісі) бірқатар облыста автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Сонымен қатар, кешелі бері елордада бүкіл қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 8 ақпанда тәулік ішінде 250-ден астам жол көлік апаты тіркелді» делінген хабарламада.
Осы орайда полиция департаменті қолайсыз ауа райында жолға шықпауға шақырады.
«Құрметті көлік жүргізушілері, қолайсыз ауа райына байланысты қала сыртына шықпауыңызды сұраймыз», — дейді департаменттен.
Кеше Астанада боранға байланысты барлық қызмет түрі күшейтілген режимге көшкенін хабарлаған едік.
Айта кетсек, елордада қатты жел Сәкен Сейфуллин университеті ғимаратының шатырын жұлып әкетті.