Астанада «Таза Қазақстанға» арналған 40 метрлік алып мұрал пайда болды

АСТАНА. KAZINFORM — Сурет Сығанақ көшесі, 1-үйдің қабырғасына салынды. Оның биіктігі — 40 метр және ауданы — 480 шаршы метр. Бұл жайында қала әкімдігінен хабарланды. 

мурал
Фото: Астана әкімдігі
а
Фото: Астана әкімдігі

Мұралда ұлттық киімдегі балалар бейнеленген. Көшетті суарып тұрған балалар өсу мен өркендеуді бейнелейді. 

Көк аспанның фонында шаңырақ пен уықтарды және Астананың көрнекті жерлерімен безендірілген жасыл планетаны көруге болады.

Мұралда «Таза Қазақстан — Таза болашақ» деген жазу жазылған.

Мұрал осы жылдың сәуір айында басталған «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының аясында салынған.

40-метровый мурал, посвященный экоакции «Таза Казахстан» появился в Астане
Фото: Астана әкімдігі

Осы бастама аясында елордада түрлі іс-шаралар өткізіліп, оған мыңдаған астаналықтар қатысты.

Тұрғындар қаланы абаттандыруға, ағаш отырғызуға, өзендерді тазартуға және рұқсат етілмеген полигондарды жоюға белсенді қатысып, әлеуметтік бастамаларға қолдау беруде.

мурал
Фото: nura.audany/ instagram

 

Соңғы жаңалықтар