Астанада «Тиімді мемлекеттік басқару» ІІІ-академиялық симпозиумы өтуде

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бұл конференция жұмысына орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, әлемнің 13 елінен келген сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы қазақстандық ғалымдар қатысуда.
Конференцияның пленарлық және секциялық мәжілістерінде мемлекеттік қызметті жаңарту мен дамытудағы қазақстандық тәжірибелер, отандық және шетел дипломатиясының ағымдағы жағдайы мен перспективасы, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жайы талқылануда.
Сонымен қатар күн тәртібі бойынша, жиын кезінде Академияның ғалымдары дайындаған мемлекеттік басқару саласындағы ұлттық баяндамалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы нәтижелерінің тұсаукесері өткізілмек.
Аталмыш симпозиумды Ханнс Зайдель қоры мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы бірігіп ұйымдастыруда.