Астанада тиісті мақсатта пайдаланылмаған 100-ден астам жер телімі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық салық қызметкерлері тиісті мақсатта пайдаланылмай жатқан 100-ден астам жер телімін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Астана мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тиісті мақсатта пайдаланылмай жатқан 100-ден астам жер телімін анықтады. Міндеттемелерін атқармай отырған тұлғалар он есе көп мөлшерде салық төлеуге міндеттелді, оның жалпы сомасы 197 млн теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Департамент өкілдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзбауға шақырып, салық міндеттемелерін орындамағандар әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар