12:45, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Астанада ТМД елдері Қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтеді
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Ертең Қорғаныс министрлігінде ТМД елдері Қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы Әуе қорғанысы мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі және Қазақстанның Қорғаныс министрі Даниал Ахметовтың қатысуымен оқу-әдістемелік жиын мәселелері бойынша Үйлестіру комитетінің мүшелерімен кездесуі өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжіліске Ресей Федерациясы, Армения, Қырғыз, Тәжікстан, Беларус және Өзбекстан Республикаларының өкілдері қатысады. Ресми делегациялар ТМД елдері Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Әуе қорғанысы мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің 2008 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2009 жылға қойылып отырған міндеттерді талқылайды. Мәжіліс барысында сондай-ақ бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.