Астанада ТМД елдері төтенше ведомстволарының өкілдері өзара ынтымақтастық туралы шешім қабылдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 7 қыркүйекте ТМД-ның Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (ТМД ТЖ жөніндегі МАК) XXVIII отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада ТМД елдері төтенше ведомстволарының өкілдері өзара ынтымақтастық туралы шешім қабылдайды

ТМД күштері Корпусының жедел-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізу;төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында кадрларды даярлау және оқыту; дағдарыс жағдайларында басқару орталықтары арасында ақпараттық өзара іс-қимыл және ақпарат алмасуды ұйымдастыру мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы шешімді талқылап, қабылдау жоспарлануда.

Отырысқа ТМД Атқару комитеті төрағасының орынбасары - Атқарушы хатшысы, Әзербайжан Республикасынан, Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Тәжікстан Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан ТМД ТЖ жөніндегі МАК мүшелері қатысады.