Астанада Төле би мен Ұлы Дала қиылысындағы жол бір айға жабылады

АСТАНА. KAZINFORM –– Астана қаласында магистральді инженерлік желілерді тартуға байланысты бірқатар көше учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Алматыда жарылған құбыр жөнделіп, тұрғындарға жылу және ыстық су берілді
Фото: Алматы әкімдігі

Астана қаласы Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында су құбыры, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық канализация желілерін тарту жұмыстары басталады. Жұмыстар «Роза Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін Е-51 көшесін салу» жобасы аясында жүзеге асырылады.

- Осыған байланысты 16 шілде мен 16 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Қозғалыс екі бағытта бір жақ бетімен кезең-кезеңімен ұйымдастырылады, - делінген ақпаратта.

Қала әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарына қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді. Жол-құрылыс жұмыстары кезінде туындайтын уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұралады.

Айта кетейік, Алматы облысында жөнделмеген жолға наразы тұрғындар тасжолды жауып тастаған.

Соңғы жаңалықтар