Астанада цех өртеніп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Осы сәтте елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Пушкин көшесі бойындағы цехтан шыққан өртті сөндіріп жатыр. 

Астанада цех өртеніп жатыр
Фото: МЧС РК

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Оқиға орнында 45 адам және 9 техника мен ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері жұмыс істеп жатыр.

Астана уақыты бойынша сағат 14:38-де өрт сөндірушілер өртті оқшаулады. 

Нақтыланған мәліметтер бойынша сүзгі өндірісі цехының шатырында өрт шыққан. Өрттің ауданы анықталып жатыр. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің көршілес құрылыстарға таралу қаупі жойылды.

 Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Еске салсақ Астанада өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден ер адамды құтқарған еді

Соңғы жаңалықтар