Астанада тұманның әсері бар жаңа субұрқақ іске қосылды
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Мыңжылдық аллеясында «Шоқжұлдыз» атты жаңа субұрқақ сынақ режимінде іске қосылды. Ол су тұманының ерекше эффектісімен ерекшеленеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің Урбанистика орталығы мәлім етті.
Мыңжылдық аллеясында Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 25-үйдің маңында жаңа «Шоқжұлдыз» субұрқағы сынақ режимінде жұмысын бастады.
Субұрқақтың басты ерекшелігі — тұман эффектісін беруінде. Судың ұсақ тамшылары жеңіл су бұлтын қалыптастырып, субұрқақ айналасында ерекше атмосфера қалыптастырады.
Айта кетейік, Астанадағы тұрғын үй кешенінің қасбетіне «Таңсәрі» муралы салынды.