Астанада тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы вакцинация жүріп жатыр: кімдер тегін ала алады

АСТАНА. KAZINFORM —  Астана тұрғындары тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы вакцинацияны тегін ала алады. Екпе салдыру 6 айдан бастап балаларға, жасөспірімдерге, барлық жастағы ересектерге, сондай-ақ 16-дан 37 апталық мерзім аралығында жүкті әйелдерге қолжетімді.

Астанада тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы вакцинация жүріп жатыр: кімдер тегін ала алады
Фото: rk-ncph.kz

Астана әкімдігінің мәліметінше, вакцина алу үшін учаскелік дәрігерге жазылмай-ақ, қабылдау уақытында баруға болады. Диспансерлік есепте тұрған егде жастағы адамдар мен созылмалы аурулары бар науқастардың вакцинациядан өтуі аса маңызды.

Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу үшін мамандар келесі шараларды ұстануға кеңес береді:

• маска тағу және антисептик қолдану;
• көп адам жиналатын орындарға баруды шектеу;
• бөлмелерді жиі желдетіп, дымқыл тазалық жүргізу;
• ауырып жүрген адамдармен қарым-қатынасты азайту;
• дұрыс және теңгерімді тамақтану;
• ауру белгілері пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу.

Қазіргі таңда екпені 80 264 адам (55,3%) салдырды. Медициналық қызметкерлер де өздерін және науқастарын қорғау мақсатында вакцинациядан өтіп жатыр.

Қосымша ақпаратты емхананың тіркеу бөлімінен ала аласыздар. 

Айта кетелік елімізде 240 мыңнан астам адам онкология бойынша есепте тұр

Соңғы жаңалықтар