10:04, 05 Сәуір 2017 | GMT +5
Астанада түнгі №200 автобус бағдары енгізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуірдің 7-сінен 8-не қараған түні тестілік режімде «Теміржол вокзалы - Халықаралық әуежай» арасында № 200 түнгі бағдар енгізіледі, деп хабарлайды astana.kz.

Астана қаласының Жолаушылар тасымалы басқармасының хабарлауынша, бағдар «Теміржол вокзалы - Біржан сал көшесі - Жеңіс даңғылы - Кенесары көшесі - Республика даңғылы - Қабанбай батыр даңғылы - Сарайшық көшесі - Тұран даңғылы - Достық көшесі - Қабанбай батыр даңғылы - «Пригородный» т/а - Халықаралық әуежай» арқылы жүреді. Жол жүру ақысы 150 теңгені құрайды. Қозғалыс аралығы: 30 - 60 минут.