Астанада түнгі клубтан шыққан күйі із-түзсіз жоғалып кеткен келіншектің өлі денесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада түнгі клубтан шыққан күйі із-түзсіз жоғалып кеткен жас келіншек өлі табылды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«26 маусым сағат 12:00 шамасында Пригородный кентінің жанындағы ағаштардың арасында  осыған дейін із-түссіз жоғалып кеткен азаматша Сыбанбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылды. Тергеу амалдарының барысында туыстары қайтыс болған азаматшаны таныды», делінген хабарламада.

Қазір осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің «кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесіне орай жасалынған қылмысқа байланысты басқа да мәліметтер  жарияланбайды.

Еске сала кетсек, 9 маусымда Астана қаласы аумақтық ІІБ кезекші бөліміне 18 маусымда сағат 03:00-де туысы Балдырған Сыбанбаева «Ретро» түнгі клубынан шығып кетіп, содан қайтып оралмағаны жайлы шағымданған. 

Соңғы жаңалықтар