Астанада тұңғыш рет Халықаралық автөкөлік көрмесі ашылды

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында «Astana International Auto Salon - 2013» (AIAS-2013) I Халықаралық автөкөлік көрмесі ашылды.
None
None

Көрмеге Германия, Жапония, Чехия, АҚШ, Ресей, Корея мен Қазақстанның автомобиль шығарушы компаниялары қатысуда. Іс-шара екі залда өтіп жатыр. Біреуінде Қазақстанда құрастырылатын Ssаng Yong, KIA, Skoda және тағы басқа маркалы машиналардың үлгілері қойылса, екінші залда Reno, Mitsubishi, Ford және Volkswagen сынды компаниялардың көліктері жұртшылық назарына ұсынылып отыр. «AIAS-2013» аясында Қазақстанда алғаш рет i-MiEV (MitsubishiInnovative Electric Vehicle) үлгісінде экологиялық таза және шусыз инновациялық электромобильдің ресми таныстырылымы болды.

Айта кетейік, «Astana International Auto Salon - 2013» (AIAS-2013) I Халықаралық автөкөлік көрмесі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «KAZNEXINVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ мен «NADLoC» жергілікті құрамды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қолдауымен өтіп отыр. Ұйымдастырушы - «Expo Group» халықаралық көрме компаниясы.

Соңғы жаңалықтар