Астанада тұрғындардан 116 травматикалық қару сатып алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 1 қаңтарда тұрғындардан от атқыш травматикалық қаруларды сатып алу акциясы басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтынан.
None
None

Қазіргі уақытқа дейін астаналық полицейлерге ерікті түрде травматикалық қаруды өтеулі тапсыру жөнінде 106 өтініш келіп түсті, барлығы 116 травматикалық қару тапсырылды. 46 оқпансыз травматикалық қару, травматикалық әсері бар оқпен ату мүмкіндігі бар 70 газ қаруы тапсырылды.

2015 жылдың 1 қаңтарынан 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Астана қалалық Ішкі істер департаменті қаруды алып жүру мен сақтауға ішкі істер органдарының сәйкес рұқсаты бар физикалық тұлғалардың оқпансыз от атқыш қарулар мен травматикалық әсері бар оқпен ату мүмкіндігі бар газ қаруларды ерікті түрде өтемді тапсыруы бойынша жұмыс жүргізуде.

Астана қалалық ІІД хабарлауынша, оқпансыз от атқыш қарулар мен травматикалық әсері бар оқпен ату мүмкіндігі бар газ қаруларды ерікті тапсырғаны үшін мемлекет тарапынан қарудың түріне байланысты әр бірлігіне ақша төлеу қарастырылған.

Қаруды қабылдау мен рәсімдеу қалалық, аудандық ішкі істер органдарында азаматтың жазбаша өтініші негізінде іске асырылады.

Соңғы жаңалықтар