Астанада түркі халықтарының музыкалық фестивалі шымылдығын ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада 43-ші Дүниежүзілік дәстүрлі музыка конференциясы аясында түркі халықтарының музыкасы фестивалі басталды. Шара 20-22 шілде аралығында ҚазҰӨУ-де өтеді.
None
None

«Бүгін ICTM Дүниежүзілік конференциясы аясында Turksoy халықаралық ұйымы ұйымдастырып отырған түркі халықтарының музыкалық фестифалі басталды. Бұл фестиваль күллі түркі халықтары өнерпаздарының басын қосады. Екі күнге созылатын шара барысында сан ғасырлар бойы қалыптасқан және сан тарауға бөлінген түркі халықтарының музыка өнерін барлық дүние жүзі халықтары тамашалайды деген ойдамыз. Соның ішінде Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан қазақ халқының музыкалық қазынасы тағы бір мәрте әлем жұртшылығына қуаныш сыйлайды», - деп атап өтті ҚазҰӨУ музыкатану кафедрасының доценті Меруерт Құрманғалиева. Айта кетейік, бүгінгі фестивальді ашқан концерт «Music of City, Village, and Steppe - Қала мен ауылдың және даланың музыкасы» деген тақырыппен өтті. Ертеңгі концерт «Legends of the Great Steppe - Ұлы дала аңыздары» деген тақырыпта болады. Концертті кез келген адам тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар