Астанада тыл еңбеккерлеріне мерейтойлық медальдар табысталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Сарыарқа ауданында тұрып жатқан тыл еңбеккерлеріне мерейтойлық медальдар табысталды, деп хабарлайды astana.kz.
None
None

Рәсім Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай профессор Айман Мұсақожаеваның бастамасымен және «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының, сондай-ақ аудандық Ардагерлер кеңесінің қолдауымен қолға алынды. Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрғожина және аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбенғаппас Ахметов тыл ардагерлеріне медальдарды табыстап, алдағы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады. Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенттері соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арнап арнайы мерекелік концерт ұйымдастырды. Бұл шараға қалалық филормония әртістері де қатысты.

Соңғы жаңалықтар