Астанада «Үкімет, саясат және тиімділік: Қазақстан және Корея тәжірибесі» атты халықаралық конференция өтеді

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Осы халықаралық конференцияның негізі мақсаты - жаңа тенденциялар мен мемлекеттік басқару саласындағы мәселелерді, мемлекеттік саясат және екі ел үкіметінің бірлесіп жасаған қызметінің тиімділігіндегі жетістіктер төңірегіндегі мәселелерді талқылау үшін ғалымдар мен практиктердің басын қосу.
Конференцияда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Байменов, Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Чу хён Бак, (SAPA) Сеул мемлекеттік басқару қауымдастығының президенті Хи-Гон Шин, Корея білім, ғылым және технологиялар экс вице-министрі Шин-бок Ким, Корея Республикасының Мемлекеттік басқару және қауіпсіздік министрлігінің жанындағы (COTI) өкіметтің орталық органдар лауазымдық тұлғаларды оқыту Институтының бас директоры Ю Ый Санг, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов сөз сөйлейді. Сонымен қатар конференция жұмысына мемлекеттік басқару саласындағы білім аясындағы жетекші қазақстандық және корейлік мамандар қатысады; экономикалық өсу, әлеуметтік әл-ауқат, қоршаған орта, энергетика, сауда, халықаралық ынтымақтастық және әкімшілік реформа салаларындағы саясат тиімділігі жөніндегі мәселелер талқыланады.
Конференция шеңберiнде Академия және «SAPA», сонымен қатар Академия және «COTI» арасындағы ынтымақтастық төңірегінде өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қою жоспарлануда.