Астанада Үкіметтің шағын және орта бизнесті қолдау шаралары талқыланды

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ұйымдастыруымен «Шағын және орта бизнес проблемалары» тақырыбында Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасы талқыланды.
None
None
Оған елордалық кәсіпкерлер, қала әкімдігінің және банктерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыста Үкіметтің дағдарыс салдарларына қарсы қабылдаған шаралары аясында шағын және орта бизнесті несиелендіруге бөлінген қаржының игерілуі, бағдарламаның орындалу барысы әңгіме тақырыбына айналды. Соның ішінде кәсіпкерлер мен екінші деңгейлі банктер арасында кедергілерді болдырмау, араларындағы іскерлік қатынасқа нұқсан келтіретін әкімшілік тосқауылдарды жою жайы сарапталды.«Қазіргі уақытта Астанадағы кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға 30 млрд. теңге бөлінді. Оның мақсатты жұмсалуы үшін жан-жақты мониторинг жасалуда. Кәсіпорынның тиімділігі, қаржы қажеттілігі бар ма, қандай мөлшерде, сонымен қатар Астананың қай саласын дамыту қолайлы - осының бәрі сараптаудан өтуде. Наурыз айында бұл қаражат қала экономикасына құйыла бастайды», дейді Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Медер Маселов. Оның айтуынша, «2007 жылы шағын және орта бизнес 135 млрд. теңгеге жуық несиелендірілді. Ал 2008 жылы бұл сала 78 млрд. теңге қаржы тұтынған. Дағдарыс жағдайында несиеге деген қажеттілік қанағаттандырылмай қалды деген сөз. Биыл қаржыландыру барынша жүйелі, мақсатты және тиімді жүруі тиіс», дейді ол. Астана әкімдігі қаржыландырылатын басымдықты салалар ретінде сауда-саттық, азық-түлік өндірісі және қызмет көрсету салаларын атап отыр.
Соңғы жаңалықтар