Астанада Украина өкілдерінің қатысуымен жел энергетикасы саласындағы жобаларды дамытуға арналған семинар өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Желтоқсанның 14-і күні Астанада Украина өкілдерінің қатысуымен жел энергетикасы саласындағы жобалардың даму перспективасына арналған семинар өтеді.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпаратқа Қазақстанның БҰҰ Даму бағдарламасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Хабарламада атап көрсетілгендей, әлемдік жел энергетикасы секторының өсу қарқынының орташа көрсеткіші 29 пайыздан астам және жыл сайын бұл көрсеткіш артып келеді.

Семинар барысында тыңдаушылар энергияның жанданатын көздерін пайдалануды қолдау саласындағы Украинаның мемлекеттік саясатымен және нормативтік-құқықтық базасымен танысады. Сондай-ақ жел энергиясын тиімді қолдану бойынша нақты жобалар қаралады.

Украина Жоғарғы Радасының Отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі комитет хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Александр Матвейчук пен Украинаның Жел энергетикасы қауымдастығының төрағасы Андрей Конеченков төрағалық ететін бұл семинарға қазақстандық министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың, қауымдастықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының, бизнес-құрылымдардың, сондай-ақ шетелдік компаниялардың өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар