Астанада ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қарулы Күштері Штаб бастықтары комитеті басшылары бейресми жағдайда кездесті

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қарулы Күштері Штаб бастықтары комитетінің кезекті отырысынан соң Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің Қарулы Күштері Штаб бастықтары комитеті басшыларының бейресми кездесуі өтті.
None
None

Аталмыш кездесуден соң журналистермен брифинг өткізген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Штаб бастықтары комитетінің төрағасы Сәкен Жасұзақовтың айтуынша, бүгінгі кездесуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының 20 жылдығын атап өтумен байланысты мәселелер  талқыланған. «Бұл атаулы датаға қатысты әскер саласында қай мемлекетте қандай шаралар атқарылып жатқандығын талқыладық. Бүгінгі басқосудың негізгі тақырыбы осы»,-деді комитет төрағасы.

Соңғы жаңалықтар