Астанада ҰҚШҰ-ы мен НАТО арасындағы өзара қарым-қатынасты қалыптастыру туралы мәлімдеме жария етілді

«Халықаралық қауіпсіздік бағытындағы бүгінгі жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Аймақтық шиеленістер қоза түсіп, халықаралық лаңкестік орын алуда, есірткі саудасы мен өзге де трансшекаралық проблемалар өзекті күйінде. Ауғанстандағы тұрақсыздық та әлі күнге дейін шешілген жоқ. Осы және жаңа замандағы өзге де қауіп-қатерлерге ешбір мемлекеттің жалғыз күресе алмайтыны айдан анық. Онымен тек барлық мемлекеттердің күшін біріктіргенде ғана тиімді күресуге болады. Осы ретте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер НАТО-ға мүше елдерді бірлесіп әрекет етуге шақырады»,- делінген мәлімдемеде.
Бұл ретте, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер бірлескен қимылдар халықаралық терроризм мен есірткі саудасына қарсы күреске, Ауғанстандағы жағдайды қалыптастырып, осы елдің күш-қуат құрылымдарын қажетті кадрлармен қамтамасыз етуге, Ауғанстаннан елден келетін қауіп-қатерлердің алдын алуға, табиғи және техногендік сипаттағы қауіптерге қарсы тұруға бағытталуы тиіс деп есептейді.