Астанада үлескерлер қаржысын тартуға рұқсаты бар компаниялар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы ҚазАқпараттың ресми сауалына жауап бере отырып, үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсаты бар компаниялардың тізімін жария етті.
None
None

Аталған тізімге сәйкес мына құрылыс компанияларының үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсаты бар:

- «Базисинвестқұрылыс» ЖШС  (өкілетті компания - «Рим кварталы» ЖШС) -  «Қалалық романс», «Итальян кварталы» тұрғын үй кешендері;

- «Астана триумфы» компаниясы (өкілетті компания - «Мыңжылдық аллеясы -1» ЖШС) - Обаған, А.Байтұрсынов, Ж.Нәжімединов көшелерінің қиылысындағы тұрғын үй кешендері;

- «21 ғасыр Арман қаласы» ЖШС (өкілетті компания - «Kaz industrial group» ЖШС) - Есіл ауданындағы «Ұлы дала» мен №37 даңғылдарының қиылысындағы тұрғын үй кешендері;

- «21 ғасыр Арман каласы» (өкілетті компания - «Есіл құрылыс ИЖ» ЖШС) - Есіл ауданындағы Ұлы дала мен №37 даңғылдарының қиылысындағы тұрғын үй кешендері; 

- «Шар-Құрылыс» (өкілетті компания - «Алтын Шар Вест» ЖШС) -№49 көшедегі тұрғын үй кешенінің екінші бөлігі және №4 учаскі;

- «Базисинвестқұрылыс» (өкілетті компания - «Барселона Инк») - А37 көшесіндегі тұрғын үй кешенінің 1,2,3,4,5,6,7,14-бөлігі және 18 учаске;

- «Базис А» корпорациясы (өкілетті компания - «Мыңжылдық аллеясы-2») - 14 блок, 2-бөлігі.

Елордалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы азаматтардың есіміне баспана сатып алу барысында құрылыс компаниясынан Астана қаласы әкімдігінің үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсат беретін қаулысын және өзге де рұқсат беру қағаздарын сұрау қажеттігін еске салады.

«Үлескерлердің қаржысын тартуға әкімдік рұқсатының жоқтығы анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу қажет. Өйткені, құрылыс компаниясының әкімдік рұқсатынсыз баспананы сатуға тырысқан мұндай әрекеті үшін жауапкершілік қарастырылған», - делінген басқарма хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар