Астанада «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы» өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – 20-24 қазан аралығында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығына» шақырады.

анимация
Фото: Ділшат Рахматуллин

Апталық аясында көрермен назарына отандық анимация өнерінің үздік туындылары ұсынылады.

Бағдарламада цифрландырылған классикалық шығармалармен қатар, жаңа заманауи жобалар да қамтылған. Бұл — ұлттық режиссерлердің шығармашылығымен және қазіргі қазақ анимациясының даму бағыттарымен танысуға тамаша мүмкіндік.

Астанада «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы» өтеді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

- Барша астаналықтар мен қала қонақтарын ұлттық анимация әлеміне саяхат жасауға шақырамыз!

Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазақстан» Орталық концерт залы (Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1)

Басталуы: 16:00

Кіру тегін! - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан мен Грузия волонтерлік жобалар мен кинофильмдер алмасуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар