Астанада Ұлттық домбыра күніне орай гала концерт өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Ұлттық домбыра күніне арналған «Алтын домбыра» өнер мектебінің «Жастар» сарайымен бірлескен гала концерті өтеді. 

Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін өсіре отырып, отансүйгіштікке баулу, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, өресі биік ұрпақ тәрбиелеу. Өнерге бейімдеу арқылы әсемдік әлемін таныту, өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта-ықыласын арттыру.

Ұйымдастырушылар келушілерге арнап жарықтандыру, LED экранда алтын домбыраның бейне роликтерін әзірлеп отыр, сол сияқты жанды дауыста аспаптық сүйемелдеу (бэнд) өтеді.

Кеште Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Ибрагим Ескендір, Мәди Сыздықов, «Алтын домбыра» ұлттық өнер мектебінің ұлағатты ұстаздары мен өнерлі шәкірттері, «Жастар» сарайының «Астана» эстрадалық-симфония оркестрі өнер көрсетеді.

Гала концертте қазақтың дәстүрлі әндері мен күйлері орындалады. 

Айта кетелік Астанада бүгін отшашу болады

Соңғы жаңалықтар